Спектакль арқауы – бүгінгі күн. Алматының Арбатында сурет салып отырған Ғазизге өз құрбылары арасынан даралана көрінген Сағыныштың ұнап қалуында әлдебір сыр бар. Ол Сағынышты әлдекімге ұқсатады. Ызғарлы Желтоқсан оқиғасы кезінде бастарынан қиындық-қорлықты бірге өткерген аруға ұқсайтындай ма, қалай?!. Сағынышты іздеу жолында суретші кешегі «бұйрықты орындаушы» лейтенант, «бұйрықты орындап жүріп» бүгінгі таңда шені өскен Генералдың алдынан бірақ шығады... Сырлы да мұңды әуендермен көмкерілген спектакльде Ғазиз бен Сағыныштың адами болмыс, мөлдір сезімдерінен сыр шертеді.

Қойылымның көркемдік жетекшісі: Е.Обаев, Қазақстанның халық артисі
Қоюшы-режиссер: Т.Аралбай, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі
Қоюшы-суретші: М.Сапаров

РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:

ҒАЗИЗ – А.Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, арт. Е.Дайыров, Жастар сыйлығының лауреаты
ЖАРҚЫН – арт. Т.Сағынтаев
САҒЫНЫШ – арт. Г.Шыңғысова, арт. Л.Қалдыбекова
ДАСТАН – арт. А.Шаяхметов, Жастар сыйлығының лауреаты, арт. Ж.Байсалбеков
АЙГҮЛ – арт. С.Бақаева, арт. А.Өмірова, арт. С.Құлымбетова
ГЕНЕРАЛ – Е.Біләл, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазакстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты арт. Ж.Әміров