«Табиғаттың артықша тамашасы – адам ғой. Оның ойы неткен ізгі, қабілеті неткен шексіз? Бітімі мен қимылы неткен дара? Дүниенің көркі, күллі тіршіліктің мұрағаты ғой, адам» дейтін Гамлет үшін өмір неге соншалықты құнсызданды? «Болу ма? Әлде бордай тозу ма?»  Оның осы  қанатты сөзінің мағынасы бүгінге де қатысты, жалпы адамзатқа ортақ уайым. Спектакль алға тартқан мәңгілік сауалдар кім-кімді де ойға қалдырады.

Авторы: У.Шекспир

Аудармасы: Х. Ерғалиев

Жанр: Трагедия

Ұзақтығы: 2 сағат

Зал: Үлкен зал