Бүгінгі күнгі бір отбасындағы ахуал бейнеленетін спектакль оқиғалары ащы күлкіге толы. Ұл мен қыз, келін мен күйеу бала, немерелерге дейін шетелдік есімді иеленген, құндылықтары да өзгерген бұл отбасы – кезіндегі кеңестік көзсіз интернационализмнің бүгінгі зардабының нақты көрінісі. Ұлттық болмысынан ажыраған ұл мен қыз, олардан өтіп туған немере мен жиен, күлкілі көрінетін қылықтары… «Өз қолын өзі кесе алмай отырған» ата-ананың өзек өртеген өкініштері… Қысқасы, бір отбасының, демек, қазіргі қазақ қоғамының да комедияландырылып көрсетілген қасіреті. «Тәрбие – тал бесіктен». Әрбір отбасы, әрбір өтеннің мықтылығы – ел мықтылығының бір кепілі. Ойланайық, ағайын.
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы-режиссер – М.Ахманов, ҚР еңбек сіңірген артисі
Қоюшы-суретші – Қ.Халықов
Балетмейстер – Г.Мұхамеджанова
Режиссердің көмекшісі: А.Қабдешова
РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
АТА – Б.Қожа, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Ү.Сейтімбет
АПА – Д.Темірсұлтанова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері,
Г.Жақыпова, ҚР халық артисі
МЭЛС – Ж.Толғанбай,Е.Сағынтаев
АЙКА – Ш.Жанысбекова, Н.Жекенова
КОЛЯ – А.Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
ТАНЯ – Д.Жүсіп, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Б.Қажынәбиева, ҚР Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
РОМА – Қ.Мамытқалиев, Е.Тұрыс
ЭЛЯ – С.Бақаева, Г.Шыңғысова
ЕРАЛЫ – Б.Қаптағай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Д.Мұсаев
САРЫ АПА – Р.Хаджиева, ҚР еңбек сіңірген артисі
Ғ.Байқошқарова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
ҚАРА АПА – Ш.Меңдиярова, ҚР еңбек сіңірген артисі
Ш.Асқарова, ҚР Жастар Одағы сыйлығының лауреаты