«Күшік күйеу» комедиясы,  бұл – жастар  тақырыбын,  ана  мен  баланың  арасындағы  қарым-қатынасты  сондай-ақ,  бой  түзеп  қалған  қызы  бар  кез-келген  ата-ананың  баласының  алдағы  бағын  ойлап,  қам  жеуі  секілді  өмірлік  мәселелерді  қамтиын  сахналық  туынды.  Спектакльдің  тақырыбы,  айтар  ойы – қоғамның  қай  кезеңінде  болса  да  ескірмейтіндігімен  құнды.  

Атап  айтқанда,  қойылымда  ауыл  мен  қала  жастарының  қалыптасу  келбеті,  таным-түсінігі  мен  тәрбиесі,  ұстаным-пайымы  секілді көптеген  өзекті  мәселелер  көрініс  табады.  Ондай  қоғам  өміріндегі  өзекті  түйткілдер  спектакль  барысында  кейіпкерлер  бейнесі арқылы,  тіл,  ән – домбыра  мен  гитараның  «айтысы»,  би,  т. б.  сахналарының  өне-бойында  әсем  көрініс  тауып,  әдемі  өріліп  отырады. 

Бұл  пьеса – алғаш,  Жастар  театрының  сахнасында  80-ші  жылдардың  басында  қойылған...  Араға  көп  жылдар  салып театрымызда 2007 жылдың  11 сәуірінде  қайта  сахналанды.  

Қойылым  авторы: Тахауи  Ахтанов
Спектакльдің қоюшы-режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген  қайраткері, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Республикалық театр фестивальдерінің бірнеше мәрте Гран-При – Бас жүлде иегері, қазіргі  қазақ  театр  режиссерлерінің  алдыңғы  қатарлы айтулы  өкілі – Жанат  Хаджиев. 
Қоюшы-суретшісі: Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі – Қабыл Халықов
Композиторы:  Халық  Қаһарманы – Нұрғиса Тілендиев 
Балетмейстері: Ерболат  Асылғазинов

Рөлдер  мен  орындаушылар:

Гүлжамал - Гүлжамал Қазақбаева – ҚР-ның еңбек сіңірген артисі,  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты,
арт. Шолпан  Сіргебаева - азақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Биғайша - Лидия  Кәден – ҚР-ның  еңбек  сіңірген  артисі,                                       
арт. Әсел  Мәмбетова – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дарын Мемлекеттік сыйлығының лауреаты                                          
Бекболат - арт. Бақыт  Тушаев                                             
Қабанбай - арт. Еділ  Рамазанов, Бейбіт Камаранов
Тюрянчик - арт. Ербол  Садырбаев,
арт. Әсет  Иманғалиев – Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты                                                
Кубик - арт. Мұхитдин  Шынтаев – Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
арт. Данияр Базарқұлов
Ботка - арт. Жанар  Мақашева –  Қазақстан  Жастар  Одағы сыйлығының  лауреаты 
Алма - арт. Ақмарал  Дайрабаева,
арт. Сәния  Ерзатқызы