Дешті қыпшақ ұланы, он жасында жетім қалып, құлдыққа өзге елге сатылып кеткен Сұлтан аз-Захир Бейбарыс (1223-1277) – қатардағы құлдан Мысыр елінің ойлы да кемеңгер билеушісі дәрежесіне дейін көтерілген тағдыры өте күрделі, қарама-қайшылықты тұлға.  Қаншалықты биік атақ-даңқ пен аса зор билік әлеуетіне ие болса да  Бейбарыс бабамыздың  жүрегін мәңгілік бір сағыныш сыздатып өткен. Туған ел-жеріне, сайын даласына,  жусанның ашқылтым иісіне деген сол сағыныш – спектакльдің де негізгі лейтмотиві. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»  дегенді халық бекер айтпаса керек…

Қоюшы-режиссер – Ю.Ханинго-Бекназар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор
Қоюшы-суретші – Е.Тұяқов,  ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері

РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:

БЕЙБАРЫС СҰЛТАН – А.Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
САУДАГЕР – Н.Әбілов
ПҰЛЖЕТПЕС – С.Құлымбетова, С.Бақаева
АНА – Ш.Асқарова, ҚР Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
БАС УӘЗІР ХУАН – Б.Тұрыс, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
ИСА ТҰРАН ШАХ – Б.Қаптағай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, т.б.