Үлкен мен кішіге ұдайы ізеттілік танытып, ақжүрек қалыптан айнымайтын ақжарқын жанды көрдіңіздер ме? Иә, ондай жақсы кісілер өмірде көптеп кездеседі, Ал, кейбір жандардың өмірін – тағдырым деп ұғып, ішінен тынып, қоңырқай ғұмыр кешетін кездері де болады.
Адамның жастықта жіберген қателігі, махаббатты сатуы – ақыр аяғы, оның тағдырын тас-талқан етуі мүмкін.

Несін айтайық? Сіздер, бәлкім ондайға күлерсіздер. Жо-жоқ, күлуге болмас. Ешкім де дүйім дүниенің тіреуі емес. Е-ей, жассыздар ғой, түсінбейсіздер...
Жақсы кісілер әрқайсымыздың жанымызда жүрген болар... «Жақсы кісіні» көруге асығайық, құрметті көрермен!

Қоюшы суретшісі - Кәмила Құрманбекова
Музыкамен көркемдеуші - Жанат Хаджиев
Режиссердің ассистенті - Жақсыбек Құрманбеков
Мәдениет қайраткері
Режиссердің көмекшісі - Әлия Әбсаттарова