Тамыздың 10-ы күні, «Нұртау» гольф-клубында осы спорт түрінен 6-13 жастар аралығындағы балалар арасында ашық академия кубогы өтеді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ. 

Айта кетер жайт, жарысқа барлық балалар қатыса алады. Турнир Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, гольфтан жаңа бағдарламаға сәйкес ақысыз ұйымдастырылады. 

Естерңізге сала кетсек, «Нұртау» гольф-клубының кәсіпқой бапкерлері 6-13 жастар аралығындағы балалар арасында тегін шеберлік сабақтарын күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін өткізеді. Әр жеткіншек өзіне ыңғайлы уақытты таңдап, аптасына екі мәрте гольфпен шұғылдануға мүмкіндіктері бар. Бірінші топтың жаттығулары таңғы 8:45-те басталса, қалған топтар кестеде көрсетілген уақыт бойынша: 10:00, 14:30, 15:45 и 17:00 өтеді. 

Аталмыш кубок таңғы 10:00-де «Нұртау» гольф-клубының маңында басталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдермен марапатталады.