Қасиетті мұсылмандар мерекесі «Құрбан Айт» күніне орай, қыркүйектің 1-і күні «Асыл мұра» бағдарламасының аясында, Алматы қаласы орталық мешітінің маңында алып шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени және спорттық шара өтеді. 

Аталмыш шара қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін елге танытып, дәріптеу, халқымыздың патриотизмін, бірлік пен ынтымақты насихаттау мақсатында ұйымдастырылады. 

Мереке аясында, «Асыл мұра» бірегей бағдарламасын біріктіретін кешенді мәдени-сауықтандыру және спорттық шаралар барлық қатысушыларға мерекелік көңіл-күй мен естен кетпес күн сыйламақ. Мешітке келуші жамағаттар ұлттық спорт түрлерінен бақтарын сынайды. Атап өтсек, қалаушылар жарысқа тегін тіркеліп, қазақ күресі, асық ату, қошқар көтеру, бұқа тартыс, ләңгі тебу және басқа ойын түрлерінен бәстесуге мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, көрермендер «Домбыра» ансамблінің ұлттық аспаптардағы туындыларын тыңдап, тамашалай алады. 

Спорттық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ, қонақтарға тегін тағамдар мен сусындар таратылатын болады. 

Айта кетер жайт, Алматы мешіттерінің келушілері арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Асыл мұра бағдарламасы осы жылы іске қосылып, салауатты өмір салтын насихаттауда. 

Құрбан Айт –мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі, ол Ораза аяқталғаннан кейін, 70-ші күні тойланады. Осы жылы Құрбан айт қыркүйектің 1-і күні басталып, үш күнге жалғасады. 

Мерекелік шара айт-намаздан кейін таңғы 06:50-де басталып, сағат 09:00-ге дейін өтеді. 

Алматы қаласы Орталық мешіті Пушкина-16 көшесінде орналасқан.