Авторы: И.Вовнянко
Криминалдық драма
Аударған: О.Қыйқымов
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы-режиссер – А.Әшімов, КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтар лауреаты
Режиссер – С.Асқаров
Қоюшы-суретші – Ерлан Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері
Композитор – Қ.Шілдебаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Музыкамен көркемдеген – С.Зубарев
Биін қойған – Г.Мұхамеджанова
Режиссердің көмекшісі –С.Гениярова
РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
ӘСЕЛ – А.Бақытжанова, М.Абсадықова
ТӨРЕШІ – Ж.Маханов, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
Е.Дайыров, Қазақстан “Серпер” Жастар сыйлығының лауреаты
ҚОРҒАУШЫ – Ғ.Оспанов,
Ж.Садырбаев, Мемлекеттік “Дарын” сыйлығының лауреаты
ПРОКУРОР – Г.Тұтова, А.Сатыбалдиева
ОРАЗ – Т.Аралбай, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі
Б.Қожа, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
ШАПИҒА – М.Омарбекова, Ш.Жанысбекова
ӘРТІС – А.Жұмабаев, Қ.Нәбиолла
КЛЕОПАТРА – М.Келгенбей, Б.Жақыпбекова
МАДОННА – Н.Жекенова, А.Өмірова
МЭРИЛИН – Л.Қалдыбекова, С.Құлымбетова
ПУХ – Ж.Байсалбеков, Е.Тұрыс
ДӘУЛЕТҚАЛИЕВА – Ғ.Әбдінәбиева, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі
Ғ.Байқошқарова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
СОТ ХАТШЫСЫ – Ш.Асқарова, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
К.Шаяхметова.
Әсел есімді жас қызға кісі өліміне айыпты деп жала жабылады. Оны даттаушылардың бет пердесі сот процесі барысында ашылады. Адамгершіліктің ала жібін аттаудан дес бермей тұрған бұл топтың мүддесін қорғаушылардың арасында, өкінішке қарай, заң қызметкерлері де бар. Дегенмен де оқиғалары мен психологиялық шым-шытырығы мол спектакльде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің адам тағдырына деген үлкен жауапкершілігі мен жоғары кәсібилігі арқасында жас қыз ақталып шығады. Өркениетті де еркін, жауапкершілікті қоғам құрудың басты бір шарты да осы. Заңның салтанат құруы.