Қыркүйектің 16-і күні сағат 10.00-де «Нархоз» университетінің алаңында Қала күніне арналған спорттық және мәдени іс-шараұйымдастырылады. 

Спорттық шара аясында концерттік бағдарламада әншілер Бейбіт Күшкалиев және Жұбаныш Жексенұлы өз өнерлерін ортаға салатын болады. Ал спорт сүйер қауым үшін арқан тарту, асық ату, қазақ күресі, гір көтеру, садақ ату сынды ұлттық және өзге де спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі. Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

Аталмыш шараға кез келген қала тұрғындары мен қонақтары қатысуға мүмкіндік алады. Бұл спорттық жарыстар «Асыл мұра» бағдарламасы аясында өтеді. 

Өтетін орын: «Нархоз» стадионы, №10 ықшамауданы , Ю. Ким көшесі,10 Басталуы: 10:00