20-24 қыркүйек аралығында, Алматы қаласындағы NURTAU Гольф Клубында European Challenge Tour аясында кәсіпқой ойыншылар арасында 13-ші халықаралық Kazakhstan Open гольф-турнирі өтеді. 
Турнирге әлемнің 26 елінен келген 132 гольфшы қатысады, олардың ішінде Еуропалық Челлендж турдың рейтингі бойынша алғашқы жүздікке кіретін кәсіпқой гольфшылар және қазақстандық 5 гольфшы бар. «Kazakhstan Open»-2017 турнирінің ұйымдастырушылары – European Challenge Tour, Қазақстан гольф Федерациясы, Алматы әкімдігінің қолдауымен NURTAU Гольф Клубы. «Kazakhstan open»-2017 гольф-турнирінің бас демеушісі – сұйылтылған мұнай газын бөлшектеп сатудағы көшбасшы GAZ ENERGY брендімен «Автогаз Трейд» компаниясы. Турнир демеушісі - VILED Group компаниясы, ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша серіктесі – ASU бренді. 
Турнирдің бас ақпараттық серіктестері - Qazaqstan, Qazsport ұлттық телеарналары және Sports.kz порталы.
Медиа-серіктестері - Atameken Business Channel, Sport Review, Golf Kazakhstan, БизнесLife журналдары, Prosport, «Курсив», «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттері. «Kazakhstan open-2017» турнирінің жүлде қоры - 450 000 еуро, бұл - European Challenge Tour турнирлері арасындағы ең қомақты жүлде қоры болып саналады. «Kazakhstan open-2017» ойындары European Tour-дың барлық талаптарына сай келетін NURTAU гольф клубының 18 чемпиондық алаңдарында өтеді. «Kazakhstan Open» турнирінің жеңімпазы еуропалық гольфтың элитасы болып саналатын European Tourға қатыса алады.
Турнирдің бірегейлігі оның қомақты жүлде қорында ғана емес, сонымен қатар гольф маусымының аяқталу кезеңінде өтіп жатқанымен де ерекшеленеді.
European Challenge Tour ойыншыларының рейтингі спортшылардың осы серия турнирінде жеңіп алған жүлделер санынан құралатындығы белгілі.
Маусым қорытындысы бойынша рейтингтің алғашқы жиырма қатарына кірген, яғни ең үлкен жүлде ұтып алған спортшылар еуропалық гольфтың ең жоғарғы лигасы - European Tour-ға жолдама алады.