Алматыда 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында «Халық Арена» спорт кешенінде грек-рим күресінен дәстүрлі халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» өтеді. Турнир Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) күнтізбесіне енгізілген. Балуандар 59, 66, 75, 85, 98 және 130 келі салмақ дәрежелері бойынша сайысқа түсетін болады.

Дүбірлі додаға еліміздің беделді балуандарымен қатар Ресей, Иран, Корея, Венгрия, Беларусь, Қырғыстан, Өзбекстан және тағы басқа әлем мемлекеттері қатыспақ. 

Турнир бағдарламасы: 

30 қыркүйек: 
09:00 - 14:00 Бастапқы және жұбаныш белдесулер: 59, 75, 98 кг 
14:00 - 15:00 Түскі үзіліс 
15:00 - 15:30 Салмақ өлшеу рәсімі: 66, 85, 130 кг 
16:00 - 16:30 Жарыстың ашылу салтанаты 
16:30 – 1800 Финалдық белдесулер: 59, 75, 98 кг 
18:00 – 18:30 Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 

1 қазан: 
09:00 - 14:00 Бастапқы және жұбаныш белдесулер: 66, 85, 130 кг 
14:00 - 15:00 Түскі үзіліс 
15:00 - 16:30 Финалдық белдесулер: 66, 85, 130 кг 
16:30 – 18:00 Финалдық белдесулер: 66, 85, 130 кг 
17:00 – 17:30 Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.