Қыркүйектің 28-і күні, «Нұртау» гольф-клубында гольфтан 6-13 жас аралығындағы балалар арасында ашық академия кубогінің үшінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ. 

Бұл жарысқа барлық балалар қатыса алады. Турнир Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, гольфтан жаңа бағдарламаға сәйкес ақысыз ұйымдастырылады. 

Естерңізге сала кетсек, «Нұртау» гольф-клубының кәсіпқой бапкерлері 6-13 жас аралығындағы балалар арасында тегін шеберлік сабақтарын күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін өткізеді. Әр жеткіншек өзіне ыңғайлы уақытты таңдап, аптасына екі мәрте гольфпен шұғылдануға мүмкіндік алады. Бірінші топтың жаттығулары таңғы 8:45-те басталса, қалған топтар кестеде көрсетілген уақыт бойынша: 10:00, 14:30, 15:45 и 17:00 өтеді. 

Аталмыш кубок сағат 10:30-де «Нұртау» гольф-клубының маңында басталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медалдармен марапатталады.