Мемлекеттік қуыршақ театрында ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мен деп ойла...» атты поэзиялық кеш өтеді. Ақиық ақынның өлеңдері алғаш рет студент жастар мен ересек аудиторияға арналып, Қуыршақ театрының сахнасында оқылады. Биік сахналардан үнемі төгіліп келе жатқан атақты туындылар алғаш рет көрермен алдында қуыршақтармен жырланады. Өмірді сүюді, шынайы сезімді, махаббатты, сыршыл да шыншыл сезімді қадірлеуді қуыршақтар арқылы жеткіземіз. Сахнаға жол тартатын, көрерменге шығатын «Мен деп ойла...» туындысын бірге тамашалайық, шынайы поэзия өкілі М.Мақатаевтың өлеңдерінен бірге сусындайық.