Қаңбақ шал
Қазақ халқының тұрмыс-салт ертегілерінің бірі. Жас ұрпақты қарапайымдылыққа, ақыл мен адал еңбек етуге тәрбиелейтін, халыктық мәні зор шығарма. Ертегіде даңғой қара күш пен айлакерден де қарапайым Қаңбақ шалдың мерейі үстем. Себебі, ол - ешкімге зияндық ойламайтын, өзінің адал ісімен күнелткен еңбек адамы. "Қаңбақ шал" - әлі күнге тәрбиелік мәні бар халық даналығының куәсі. «Қаңбақ шал» ертегісі Прагада (Чехия) өткен XVI Бүкіләлемдік қуыршақ өнері фестивалінде бас-жүлде иеленген. Жапонияда халықаралық фестивальге қатысты.