«ФАТИМА»

Қоюшы режиссер – Мұрат Ахманов

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері

Қоюшы суретшісі – Индира Ихсан

Балетмейстері – Жанар Мақашева

Композитор – Болатбек Нұрқасымов

Режиссердің ассистенті – Бақыт Тушаев

Режиссердің көмекшісі - Әлия Абсаттарова

 

Иран-Ғайыптың «Фатима» ( реж. М. Ахманов ) спектаклінің аннотациясы:

Қазақ халқының болашағы үшін аянбай еңбек еткен ірі тұлғалары: Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров және Мұхтар Әуезовтерге Фатима-Ананың рухани сүйеу болғаны белгілі.

Иран-Ғайыптың «Фатима» атты қасірет-намасы - әдеби деңгейі мейлінше жоғары, біздің театрымыздың репертуарына лайық, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашағы - бүгінгі жасөспірімдерді рухани тәрбиелеуге өте тиімді шығарма.