МАСТЕР-КЛАСС «ОТБАСЫ: ГАРМОНИЯ НЕМЕСЕ КОНФЛИКТ МЕКЕНІ»
Күні: 3 ақпан
Сағаты: 11:00
Бағасы: 3000 тг.
Мекен-жай: Тимирязев к- сі 28 в, 6 қабат Коворкинг The HUB
Тренер-психолог: Аман Сламов

Отбасында өзара түсіністік, сыйластық және махаббат жетіспеуінің салдарынан: еркек үйде отырғысы келмей,әрдайым сыртқа қаша бастайды. Ал әйелдің шағымы, ренжуі, міндетсінуі, еш нәрсеге көңілі толмауы секілді қасиеттер бойынан табыла бастайды. Осындай шаңырақта бүршік жарған ұл мен қыздың келешегін елестетіңіз. 
Ерлі - зайыптылардың арасындағы түсініспеушіліктер мен ренжуден туындаған көңілдегі дефекттердің 90% қайта қалпына келтіруге болады! Бірақ ,болмайтын себептер ажырасуға итермелеп жатыр. Нәтижесінде дүние есігін енді ашқан бүлдіршіндер Әке немесе Ана мейірімінен махрұм болып, зардап шегуде. 
Жоғарыда айтылған проблемаларды азайту мақсатында сіздерге мастер-класс ұсынамыз. 
Мастер-класста қозғалатын мәселелер: 
1.Отбасыңызда жан тыныштығын таптыңыз ба? 
2.Ерлі - зайыптылар арасында суықтың болу себебі не? 
3. Еркек қандай әрекеттерімен әйелге әлсіздігін көрсетіп қояды?
4.Еркектің әлсіздігін әйел байқаса, ер адамға оның қандай зияны бар? 
5. Әйелдегі қартаймайтын сұлулық. 
Сіз және отбасыңыз үшін!

Регистрация.