Алматыда каратэ-до кекушинкайдан Қазақстан чемпионаты өтеді
Ақпан айының 25-күні «Достық» спорт кешенінде жасөспірімдер, жастар, және қыздар арасындағы каратэ-до кекушинкайдан Абая атындағы ҚазҰПУ-ның 90 жылдығына арналған ашық Қазақстан чемпионатының жалауы желбірейді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Жарыстың салтанаттыашылу рәсімі сағат 12:00-де өтсе, жарыс 9:00-де басталады. Ал салмақ өлшеу рәсімі ақпан айының 24-і күні «Достық» спорт кешенінде сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.
Ел біріншілігі Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, республикалық ұлттық каратэ-до кекушинкай Федерациясы, сондай-ақ, Алматы мен Алматы облысының «Favourit.kz» Федерациясының қолдауымен өтеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медальмен марапатталады. Сонымен қатар, «үздік техника», «жеңіске деген жігерлігі», «үздік балуан», «үздік төреші» номинациялары бойынша үздіктер анықталады. #каратэ #жарыс #ЧРК