Авторы: Иран-Ғайып
Аңыз дастан
Қоюшы режиссері - Йонас Вайткус, КСРО Мемлекеттік, Литва Ұлттық сыйлығының лауреаты, профессор
Режиссердің ассистенті - Қуаныш Мамытқалиев
Қоюшы суретші - Артурас Шимонис
Композитор - Алгирдас Мартинайтис, Литва Ұлттық сыйлығының лауреаты
Хормейстер – Ғалымжан Берекешев
Балетмейстер – Гузель Мұхамеджанова
Режиссердің көмекшісі – Гүлнар Сейтімбет
…«Қорқыттың Көрі» – Қорқыт-Бабамыздың запырандай ащы аңыз-өміріне арнап қойылған Сахналық Түйсіктің Бейне-Тұжырымы.
«Қорқыттың Көрі» – Өркениеттің, Мәдениеттің, Өнердің, Күйдің – Қасиетті де Киелі Рухани Ұғымның – Жаназа-Реквиемі.
«Қорқыттың Көрі» – Дүние-Кезек – Діндер астасуы…
Қойылым оқиғасы – Расул (Мұхаммед) Пайғамбар заманына жақын тұста (VII-VIII ғасырда) Баят (Сырдария өзені) бойында өтеді.
Қорқыт – Бүкіл Шығыс Өркениеті іргетасын қалаушылардың ішіндегі ең айтулы Тұлға.
Қорқыт – Күллі Азия Мәдениетінің Ұлы Қайнар-Бастау-Көзі.
Қорқыт – Алты Алаш Өнерінің Аңыз-Арысы.
Қорқыт – Қазақ Халқының Күй-Атасы.
Қорқыт – Қасиетті де Киелі Рухани Ұғым…