«ФАТИМА»
Қоюшы режиссер – Мұрат Ахманов
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері
Қоюшы суретшісі – Индира Ихсан
Балетмейстері – Жанар Мақашева
Композитор – Болатбек Нұрқасымов
Режиссердің ассистенті – Бақыт Тушаев
Режиссердің көмекшісі - Әлия Абсаттарова
Иран-Ғайыптың «Фатима» ( реж. М. Ахманов ) спектаклінің аннотациясы:
Қазақ халқының болашағы үшін аянбай еңбек еткен ірі тұлғалары: Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров және Мұхтар Әуезовтерге Фатима-Ананың рухани сүйеу болғаны белгілі.
Иран-Ғайыптың «Фатима» атты қасірет-намасы - әдеби деңгейі мейлінше жоғары, біздің театрымыздың репертуарына лайық, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашағы - бүгінгі жасөспірімдерді рухани тәрбиелеуге өте тиімді шығарма.