2018 жылдың 13 сәуірінде ҚР Ұлттық кітапханасында Халықаралық "Көшпенділер Атамұрасы" қоғамдық қоры Елбасының "Болашаққа баңдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында, Алаш Республикасы және Башқұрдистан қарым-қатынастығына 100 жыл толуына орай "Ұлт-азаттық қозғалыстардың ынтымақтастығы" атты Халықаралық ғылыми-тәжіребилік конференциясын ұйымдастырады.
 
Конференцияның мақсаты – Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Мыржақып Дұлатұлы, Ахметзеки Вәлиди Туған, Шәріф Манатов тәрізді қазақ және башқұрт қайраткерлерінің ұлттық идеялары жайындағы ой-толғамдарын ортаға салу, ғалымдардың қатысуымен талқылау. Ұлттық идея, ұлттық құндылықтар арқылы қазақ және башқұртты оятып, ұлттық мемлекет құру, әлемдік өркениетке кірігудің жолдары мен шарттарын қарастырды. Олар жастардың тарихы мен тамырын терең біліп, сапалы білім алып, кәсіп игеріп, бай-бақуатты болуын аңсады. Сол өзекті мәселелер арада бір ғасыр уақыт өтсе де сол қалпында маңызды болып қалып отыр. 
Қатысушылар: ғалымдар, тарихшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, студенттер сонымен қатар БАҚ өкілдері мен оқырмандар.
 
Ұйымдастырушылар:
Халықаралық "Көшпенділер Атамұрасы" қоғамдық қоры
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
"Men Qazaq" қозғалысы
 
Серіктестері:
"Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Great steppe production, "Туран дуниясы" қоғамдық қоры 
"Ұлы дала көшпенділері" мәдени-тарихи журналы
 
Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Н. Дәулетова атындығы залы, 1 қабат
Өтетін уақыт: 13 сәуір, 2018 жылы сағат 11:00-де