Қоюшы режиссері – Жанат Хаджиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері

Қоюшы суретшісі – Кәмила Құрманбекова

Музыкамен көркемдеуші – Жанат Хаджиев, Мәдениет қайраткері

Режиссердің көмекшісі - Алия Абсаттарова

Үлкен мен кішіге ұдайы ізеттілік танытып, ақжүрек қалыптан айнымайтын ақжарқын жанды көрдіңіздер ме? Иә, ондай жақсы кісілер өмірде көптеп кездеседі, Ал, кейбір жандардың өмірін – тағдырым деп ұғып, ішінен тынып, қоңырқай ғұмыр кешетін кездері де болады.

Адамның жастықта жіберген қателігі, махаббатты сатуы – ақыр аяғы, оның тағдырын тас-талқан етуі мүмкін.

Несін айтайық? Сіздер, бәлкім ондайға күлерсіздер. Жо-жоқ, күлуге болмас. Ешкім де дүйім дүниенің тіреуі емес. Е-ей, жассыздар ғой, түсінбейсіздер…

Жақсы кісілер әрқайсымыздың жанымызда жүрген болар… «Жақсы кісіні» көруге асығайық, құрметті көрермен!