Павлодар қаласы Ж.Аймаутов атындағы қазақ музыка-драма театрының

Алматы қаласының Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына гастрольдік іс-сапар

12.04.19

Сағат: 18:30

Р. Отарбаев «Ғасыр қасіреті» 

/нашақор туралы новелла/

Қоюшы - режиссері - Е. Қауланов

Есірткеге еліктеу, нашақорлықпен ауру бүгінгі қоғамның дерті. Онымен қалай күресуге болады, жастарымызды мұнан қалай сақтандыра аламыз? Осы тектес көкейтесті сұрақтар белгілі жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевты да толғандырған болуы керек. Ол өзінің «Нашақор жайлы новелла» деп аталған драмалық шығармасында есірткі қабылдап, жас ғұмырларын шырғалаңға салған жастарымыздың трагедиясын суреттей отырып, өзгелерді онан сақтануға шақырады.

Жалғыз  баласы Жалқытай күннен күнге құрдымға кетіп бара жатқанын байқаған ата-анасы қанша ма рет «аһ» ұрып өкінгенімен де барлығы кеш еді. Олардың ұлы нашақорлардың жетегінде кетіп, үйіндегі көзге ілінген заттардың бәрін сатып, ендігі кезек жеңіл машинасы мен төрт бөлмелі пәтерге, тіпті әкесінің жалғыз құлақшынына келгенде ата-ана терең күйзелістің әсерінен науқасқа шалдығып, көз жұмады. Құрдымнан құтқармақ болған сүйген қызы Тоғжан әрекеті де босқа кетеді...

БИЛЕТ БАҒАСЫ – 1000 тг.