Г. Хугаев

Аударған - Қ. Төлеуішов

Режиссер - Ж. Жұманбай

Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласы «Дариға-ай» жастар театрының гастролі

ittin-balasy-nemese-adamnyn-alasyИт пен жабайы аңдар арасындағы әңгімемен өрбитін аллегориялық қойылым. Адамға деген сенімнен, адалдықтан аттап көрмеген, тіпті, иесі жайлы жаман ойлаудан аулақ иттің басынан кешкен қиын күні суреттеледі. Тапжылмай күтіп, арып-ашып кеткен иттің жақсылығына адам баласы лайықты жауап қайтармауы көрерменді бей-жай қалдырмайды. Шығарма жақсылыққа жақсылықпен жауап беруді, адалдық пен достықты бағалауды үндейді.