II Халықаралық
«Нұрлы Жастар»
атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқау-фестивалінің
ЕРЕЖЕСI

Өткізілу мерзімі: 2019 жылдың 20-21 сәуір айының аралығында.
Өткізу орны:
 Қазақстан Республикасы., Алматы қаласы, Чайковский П.И. атындағы Алматы музыкалық колледжінің үлкен концерт залы. (Манаса көшесі,13 Абай д, төмен).

Байқауға қатысушылар: Байқауға көркем сөз оқу шеберлігін игерген, әншілік және бишілік қабілеттері бар, дәстүрлі ән орындауға икемденген, қандай да бір аспапта ойнауды меңгерген, ақындық дарындылыққа ие 3-22 жас аралығындағы балабақша мен білім беру мекемелерінің оқушылары мен жасөспірімдер қатыса алады.

Жас ерекшеліктеріне байланысты қатысушыларды төмендегідей топтарға жіктеу қарастырылған:

- Бүлдіршін топ 1 (3-5 жас);
- Бүлдіршін топ 2 (6-7 жас);
- Кіші топ (8-10 жас);
- Орта топ (11-13 жас);
- Жасөспірім топ (14-16 жас);
- Жоғарғы топ (17-22 жас).

Өнер көрсету бағытына байланысты байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- Көркем сөз;
- Эстрадалық вокал;
- Дәстүрлі ән;
- Аспапта орындау;
- Хореография;
- Қол өнері (Техникалық жұмыс)
- Шығарма;
- Бейнелеу өнері;

Байқаудың негізгі талаптары: Қазақстандық қатысушылардан тек Республикалық Нұрлы Жастар байқауынан лауреат атанғандар қатыса алады. Еркін тақырыпта 1 шығарма оқылуы қажет. Музыканы сахна мәдениеті мен киім үлгісін кәсіби деңгейде көркемдеу. Өнер көрсету күш-жігерге, қайсарлық пен батырлыққа ұмтылысты, өмірге деген сүйіспеншілік пен үздік болуға ынтаны көрсетіп, мотивациялық тұрғыда болуы керек.

Орындау шеберлігі:
1. «Көркем сөз» номинациясы бойынша еркін тақырыпта 1 шығарманы мәнерлеп оқу керек. Оқу барысы 3 минуттан аспауы керек.
2. «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша байқауға қатысушылар еркін тақырыпта 1 әннен орындайды. Нөмірге берілетін уақыт 3 минут. Ән минуспен, «жанды» дауыста орындалады. Вокалды топтардың қатысуына болады: дуэт, трио, квартет және т.б. Минусовканы алдын ала 17-ші сәуірге дейін [email protected] поштасына жіберу қажет. Өтініш: Минусовканы алдын ала музыкантта тексеру керек. Почтаға қатысушының номинациясы, жасы, байланыс телефоны және тек байқау нөмірлері ғана жіберілу керек. Аталған ережені сақтамаған жағдайда, қатысушының жетекшісі жауап береді. (CD диск және Flesh-карта қабылданбайды).
3. «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша қатысушы еркін тақырыпта 1 ән орындайды. Музыкалық аспаптың сүйемелдеуінде. Нөмірге 3 минут беріледі.
4. «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша сазгерлер мен авторлар шығармалары немесе халықтық бір күй орындалады. Қатысушымен бірге жетекшінің сүйемелдеуінде орындау қабылданбайды. Қатысушылар саны жиырмадан асса жетекшінің сүйемелдеуінде орындауға рұқсат беріледі. Нөмірге 4 минут беріледі.
5. «Хореoграфия» номинациясы бойынша бір нөмерде 1 бимен қатысады. Би еркін тақырыпта. Нөмірге 3 минут беріледі. (1 топ 2 нөмермен қатысуға мүмкіндік бар, толық ақпарат байланыс телефондары арқылы біле аласыздар) . Би орындалуы стильге бөлінеді
- Ұлттық қазақша би;
- Халық билері; (орыс, украина т.б.)
- Шығыс билері;(өзбек, тадж, хорезм, араб т.б.)
- Қазіргі заманғы билері; (эстрадалық би, модерн, хип-хоп, street dance, нео казакша, сахналық т.б.)
Би нөмерін алдын ала 17-ші сәуірге дейін [email protected] поштасына жіберу қажет. Өтініш: Би нөмерін алдын ала музыкантта тексеру керек. Почтаға қатысушының номинациясы, жасы, байланыс телефоны және тек байқау нөмірлері ғана жіберілу керек. Аталған ережені сақтамаған жағдайда, қатысушының жетекшісі жауап береді. (CD диск және Flesh-карта қабылданбайды).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
- Балаларды сахнаның артында 2-3 ата-ана ғана балаларды киіндіруге болады, қалғандарын кіргізбейді. Мұғалімдердің бәріне ескерту. Киімді ауыстырғаннан кейін, ата-аналар залға өтуге міндетті, әйтпесе, балл төмендетіледі.
- Сахнаға объектілерді лақтыруға тыйым салынады;
- Конкурстық күні флэш-карта MP3 форматында орындауға арналған музыкалық материал болу қажет. Техникалық сәтсіздікке және күтпеген жағдайларға жол бермеу үшін;
- Қатысушылардың өтініші бойынша музыкалық материалдарды конкурстық күнде ауыстыру мүмкін емес.
6. «Қолөнер» (сырттай өтеді) номинациясы бойынша қатысушылар қолдан жасалған қолөнер бұйымдарын еркін тақырыпта ұсынады. (1 жұмыс) Қолөнер жұмысын және жарнасын 17-ші сәуірге дейін ҚР., Алматы қ, Мақатаев көшесі 1273 (Байтұрсынов көшесінің қиылысы) қабылдаймыз.
7. «Шығарма» (сырттай өтеді) (Жазбаша шығарма, Поэзия, Ертегі, Әңгіме, Новелла, Сценарий ).
Байқауға қатысатын шығарма бұрын соңды еш жерде /мерзімді басылым, ғаламтор парақшалары/ жарияланбаған болу шарт. Байқауға еркін тақырыпта 1 шығармамен қатысады.Басқа байқауға қатысып, жүлде әкелген жұмыспен қатысуға болмайды.
Байқауға қатысқан шығармаға ғаламтордан дайын жұмысты көшіруге қатаң түрде тыйым салынады.Байқауға әкелінетін шығарма компьютерде Times New Roman қарпімен, 12-өлшемде терілген, кемі 1 бет болуы керек. Көлем ұзақтығына шек қойылмайды. Байқау қатысушысы жұмысының бірінші бетіне арнайы мәлімет қағазын толтырып, өткізуі шарт /Мәлімет қағазы қосымша бетте ұсынылған.
Шығарма жұмыстары [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады. Шығарма мен кіру жарнасын 17-ші сәуірге дейін өткізуі қажет.
8. «Бейнелеу өнері» (сырттай өтеді) (Графика, Кескіндеме, Мүсін)
Байқауға «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша еркін тақырыпта 1 жұмыс қатысады. Байқау қатысушысы жұмысымен бірге арнайы мәлімет қағазын толтырып, өткізуі шарт. Байқау қатысушысы жұмысын және жарнасын ҚР., Алматы қаласы, Мақатаев көшесі 1273 (Байтұрсынов көшесінің қиылысы), 2 этаж, өткізуі қажет. Байқау жұмысы мен кіру жарнасын 17-ші сәуірге дейін өткізуі қажет.
Жұмыс төменгі оң жақ бұрышын жапсырмасымен, мат ресімделуі тиіс.

Басқа байқауға қатысып, жүлде әкелген жұмыспен қатысуға болмайды.
/Мәлімет қағазы қосымша бетте ұсынылған.
Байқаудың әділқазылар алқасы: Әділқазылар құрамына кіретіндер - лайықты өнер қайраткерлері, сазгерлер, ақындар, әншілер, вокалистер, хореографтар, белгілі филологтар, мұғалімдер мен журналистер және орталық қызметкерлерінен белгілі өнер педагогтары.
Әділқазылар мүддесіне келесідей әрекеттер кіреді:
Әділқазылар қатысушыларды 10 балдық жүйемен бағалайды.
Әділқазылар алқасы сыйды бөліп беруге немесе бермеуге құқылы.
Әділқазылар шешімі ақырғы шешім болып есептеледі, қайта қаралмайды.
Әділқазылар шешіміне шағым қабылданбайды.
Бағалау парақтары, жаттамалары, түсініктемелері жарияланбайды, ашық көрсетілмейді және құпия түрдегі ақпарат болып табылады.

Байқаудың нәтижелері туралы ақпарат ашық түрде гала концертте хабарланады. Қазылар шешімі мен қатысушыларға орын беруде ұйымдастыру комитеті оған жауапкершілік көрсете алмайды. Қатысушыларды марапаттау тек Гала концерте ғана атап өтіледі. Дипломдар алдын ала берілмейді, нәтежелері алдын ала аталынбайды.

Байқаудың жүлдесі:

1. Байқау қатысушылары дипломдармен марапатталады:
- «Бас жүлде»; (әділқазылардың он балдық бағасы есептелінеді):
- «Лауреат» (І, ІІ, ІІІ дәрежелі);
- «Дипломант» (І, ІІ, ІІІ дәрежелі).
2. Көзге ерекше түскен белсенді қатысушылар мен олардың жетекшілері алғыс хаттармен, арнайы дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталады.

Байқауды өткізу мерзімі:
20.04.19 - 21.04.19ж - Көркем сөз, Аспапта ойнау, Хореография, Эстрадалық вокал, дәстүрлі ән номинациялары бойынша катысушылардың өнерін тамашалау.
21.04.19ж - Гала концерт, жеңімпаздарды марапаттау.
Байқаудың нақты кестесі, өткізілетін орны, уақыты қатысушылардың орындаулары мен марапаттауы 17.04.2019ж кейін белгілі болады.
Қандай да бір өзгерістер енген жағдайда алдын ала хабарланып, әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланады.

Ұйымдастыру комитеті өтінішті 2019 жылдың 17-ші сәуірге дейін қабылдайды!

Байқауға қатысушы өзі туралы мәлімет пен / нұсқасы төменде көрсетілген/ байқауға дайындаған шығармасының атауын және авторларын алдын ала тек [email protected] электрондық поштасына жібереді. Өтініш «WhatsApp» желісі арқылы қабылданбайды. Электрондық поштага жіберуіңізді өтінеміз. Өтініште міндетті түрде жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмесі берілуі керек (жеке куәлік, туу туралы куәлік).
Тапсырыста орындаушының аты-жөні, жасы, репертуары, автордың аты-жөні, жетекшілердің телефондары міндетті түрде жазылсын!!!
Байқау барысында ешқандай өзгерістер еңгізілмейді, себебі сіздердің берген мәліметтеріңіз бойынша қатысушыларға диплом, жетекшілерге алғыс хат толтырылады. Сондықтан, нақты, анық мәлімет беруіңізді, ӨТІНЕМІЗ!
Байқауға қатысушылар әлемдік тәжірибеде өтілген қалалық, республикалық, халықаралық мерекелік іс-шараларға алдын ала кіру жүлде жарнасын төлейді, жиналған қаржыны ұйымдастыру комитеті байқауды өткізуге және сыйлықтарына жұмсалады.

Байқаудың қаржылық талаптары.
Өтінішті және кіру жарнасын 2-ші сәуірге дейін өткізген қатысушыларға (01.04. 2019 жыл соңғы күн):
Жеке орындаушы - 12 000 тг. (2-ші сәуірден бастап өткізген өтініштер мен жарнасы - 15 000 тг.)
Дуэт, трио, квартет, квинтет (2 адамнан 6 адамға дейін) - 15 000 тг. (2-ші сәуірден бастап өткізген өтініштер мен жарнасы - 20 000 тг)
Оркестр, ансамбльдер - 6-10 адамнан жоғары - 2 000 тг. (адам басына). (2-ші сәуірден бастап өткізген өтініштер мен жарнасы (6-10 адам) - 35 000 тг., 10 адамнан жоғары қосымша адам басына - 2 000 тг.)
Бейнелеу өнері, шығарма, қолөнер жарнасы - 8 000 тг. (1 жұмыс). (2-ші сәуірден бастап өткізген өтініштер мен жарнасы - 10 000 тг.)
Әлеуметтік жағынан осал, сондай-ақ мүгедектер мен жетімдер үйінің тәрбиеленушілері өтеусіз негізде қатыса алады
(5 қатысушы)
Нұрлы Жастар байқауында бас жүлде иеленген жеңімпаздарға қосымша 35% жеңілдіктер қарастырылған!!!
Байқау жарнасын төлеу, жүлделі орынға кепілдік бере алмайды. Жеңілдікпен төленген жарна қайтарылмайды!
Ұйымдастырушы комитет, 2019 жылдың 17-ші сәуірден кеш өткізілген өтініштер бойынша қатысушылардың марапаттары мен дипломдарын Гала концертте беруі міндетті емес. Марапаттауы 22-шы сәуір күні күні сағ 13.00 кеңседе беріледі. Мекен-жайы: ҚР., Алматы қаласы, Мақатаев көшесі 1273. (Байтұрсынов көшесінің қиылысы).
Ескерту: келіп-кету шығынын жіберуші жақ көтереді.
Регламент сақтамаған жағдайда, әділқазылар алқасы қатысушыны тоқтатуға құқылы!!!!

Байқауға қатысушы, басшылары, ата-аналары өтініш берілгеннен бастап байқау ережелерінін барлық шарттарымен автоматты түрде келісе отырып, онымен бірге қатысушы байқау іс-шараларына сағат түнгі 24.00 дейін кірістіре алады.
Берілген ережені орындамау байқауға қатысушыны біліксіздендіреді. Байқауға қатысушыны біліксіздендіру әділқазылар алқасы мен байқауды ұйымдастырушы ұжыммен сөзге келу, оларға дөрекілік, тәртіпсіздік көрсетуіне қарай баллының төмендеуі арқылы орын алады.

Байқауға қатыспайтын 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндер байқау өткізілу орнына кіргізуге рұқсат етілмейді. Ұйымдастыру комитеті жоғалған жеке заттарына жауапты емес!
Байқау өткен соң қатысушы дипломды 10 күн аралығында алып кетуін сұраймыз. Аталған мерзімде алып кетпесе ұйымдастыру комитеті оны беруге жауапты емес.
Қонақ жай, ас (тамақ) және трансфер бойынша телефон арқылы біле аласыздар.

Бізбен байланыс орнату:
ҚР, Алматы қаласы, Мақатаев көшесі 1273. (Байтұрсынов көшесінің қиылысы)
2 этаж. Тел: +7 (727) 229 03 97; ұялы тел: +7 775 465 67 01, +7 707 820 20 69 (WhatsApp)
Электрондық пошта: e-mail: [email protected]

Біздің реквизиттер:
«Нұрлы жастар - өнер орталығы» қоғамдық қоры
БИН: 170 340 029 200
ҚР, Алматы қ, АО"ForteBank" филиалы
Ағымдағы шот (IBAN счет) в KZT: KZ5596502F0008704413
(Байқауға қатысу үшін ерікті жарна)
SWIFT код: IRTYKZKA
БИН/БСН: 980341000286
Кбе 18;
КНП 890;

Жеке тұлғалар қордың бірегей коды бойынша төлей алады (УНИКОД) №100514
Төлеу кезінде тұтынушы банк қызметкеріне уникод хабардар етуге тиіс
1) Тұтынушының аты-жөні
2) Қатысушының аты-жөні
3) Телефон

Орында

Источник: http://www.art-dance.kz