ТУҒАН КҮНАвтор: Б. Қажнәбиева

Идея авторы: Н. Қарабалина

Қоюшы-режиссер: Е. Кәрібаев

Жанры: монодрама

Ұзақтығы:

Жас санаты: 18+

 

 

 

 

 

 

«Туған күн» – тағдыр тәлкегіне түскен әйелдің жан драмасы туралы. Ата-ананың ыстық құшағы мен аялы алақанын сезінбей, балалар үйінде тәрбиеленген, бойжеткен шағында сүйген, сенім артқан адамынан сатқындық көріп, үміті кекке ұласқан кейіпкердің, мүмкін, ең соңғы туған күні...

Өмірдің түпнегізі неде? Бұл орайда және жеке адам мен қоғамның жауапкершілік арасалмағы қандай? Монодрама алға тартатын ауыр сауалдар мұнымен шектелмейді...