Өтетін орны: Алматы қ., Пушкин к-сі, 63, Алматы мемлекеттік қуыршақ театры
Режиссер: Шохан Құлназаров
Инсценировка авторы: Жазира Ахметова
Суретші: Юлия Чернова
Хореограф: Ринат Билибаев
Жанр: Қазақ халық ертегісі желісімен спектаклі
Жас шектеуі: 3+
Қосымша:
Алматы қаласының Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай «Күн мен Ай оятқан Наурыз» ойын-сауықтық бағдарламасын ұсынады. Күн, Ай, Көктем қыз, Қыдыр Ата және Он екі жыл иелері балалармен бірге жылу мен шаттықты қорғау үшін жауыз Боранмен күреседі. Бүлдіршін көрермендер интерактивті ойындарға қатысып, ұлттық билер билеп, ән шырқап, салт-дәстүрлермен танысады. Бағдарлама балаларды достыққа, мейірімге, татулық пен ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді. Мерекелік бағдарламадан кейін көрермендерге сыйлыққа «Ұр, тоқпақ!» спектаклі ұсынылады.

