Өтетін орны: Ғ. Мүсірепов театры, Абылай хан даңғылы, 38

Авторы: С. Мұқанов

Режиссері: Ұ. Болатбек

Жанры: драма

Жас шектеуі: 12+

Ұзақтығы: 2 сағат 40 минут

 

Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмасы - махаббат атты мәңгілік тақырып арқылы қазақ халқының қилы тағдыры мен рухани жарасын тереңнен қозғайтын көркем қойылым. Басты кейіпкерлер - Бүркіт пен Бәтес - адалдық пен шынайы сезімнің жолында жүйенің қатыгездігімен бетпе-бет келеді. Сахна төрінде Бүркіттің төрт күндік соты жүріп жатқанда, залда көрермен шындық пен жалғанның жігін жүрегімен ажыратады.

Қазақы киіз үйдің көз алдыда тігіліп, кейіннен құлауы - бір дәуірдің құлауын, бірақ соның астарынан жаңғыруға ұмтылған рухтың үнін танытады. Сахнадағы үнсіздіктің өзі бұрмаланған тарихтың ашылмаған ақиқатын тілсіз жеткізеді. Бәтестің мөлдір жанары - махаббат пен мұңның қос өзегін тоғыстырған сырлы әлем. «Мөлдір махаббат» - бұл тек сезім емес, бұл – жүректі шымырлатқан сағыныш, ұмыт болған ақиқат және ұлт рухының жаңғырығы.