Өтетін орны: Алматы қ., Пушкин к-сі, 63, Алматы мемлекеттік қуыршақ театры
Автор: Бердібек Соқпақбаевтың повесі негізінде
Режиссер: Еркебұлан Қабдыл
Инсценировка авторы: Дамир Амантай
Суретші: Юлия Чернова
Композитор: Нұрсұлтан Төреәли
Балетмейстер: Ринат Билибаев
Жанр: драма
Жас ерекшелігі: 9+
Қосымша: қазақ тіліндегі спектакль
Қазақтың заңғар жазушысы, балалар әдебиетінің классигі – Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі «Менің атым Қожа» повесі қуыршақ театры сахнасында жаңаша сипат алып, көрермендермен қайта қауышпақ.
Балалық шаққа тән тентектік пен адалдықты қатар суреттейтін спектакльде ауыл баласы Қожаның қызыққа толы оқиғалары баяндалады. Оқу озаты болса да тәртіпсіз таныла беретін Қожа мұғалімін, жақсы көретін сыныптасын, әжесі мен анасын ренжітіп, қателігінің жүгін көтере алмай, жылқышының баласы Сұлтанға қосылып, жайлаудағы той-томалаққа барып көңіл көтеруге бел буады...
Спектакль барысында Қожа өз қателіктерін түсініп, жауапкершілікке, кішіпейілдікке, мақсатшылдыққа ден қояды. Мейірім мен ізгілікке тәрбиелейтін бұл спектакль көрермендердің көңілін көтеріп, терең ойларға жетелейді.
Рөлдерде:
Қожа – Ерсұлтан Тезекбай
Сұлтан – Дәулет Бақыт
Жанар – Қаламқас Бекенова
Жантас – Ернар Оралов
Майқанова – Ханшайым Серікова
Сайбек қарт – Мадияр Ұлдахан

