Өтетін орны: Ғ. Мүсірепов театры, Абылай хан даңғылы, 38

Авторы: Е. Шварц

Премьера күні: 20.11.2025

Жанр: Ертегі

Инсценировка авторы және режиссері: А. Зайцев

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі: 6 +

Классикалық ертегінің желісі бойынша құрылған бұл спектакль - балаларға арналған шытырман оқиғалар мен сиқырлы дүниенің қақпасын ашады. Қойылым жомарттық пен мейірімділік, әділдік пен үміт, армандарды жүзеге асыру секілді маңызды тақырыптарды қозғайды. Спектакль балаларды қиял әлеміне саяхаттауға, моральдық ұғымдарды түсінуге, өз армандарына жету жолындағы батылдық пен табандылықты сезінуге шақырады. Кішкентай көрермендер әдемі киімдер, сахналық көркем атмосфера, көңілді музыка арқылы Күл бикештің ғажайып өміріне куә болады.