Өтетін орны: Ғ. Мүсірепов театры, Абылай хан даңғылы, 38

Авторы: Мұхтар Әуезов

Режиссері: Дина Жұмабаева

Жанры: Драма трилогия

Жас шектеуі: 16+

Қазақ театрының көш басында тұрған жазушы Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы – қазақтың тарих сахнасындағы келбетін, қиын өткелектерін айнытпай қанық суреттей алғанымен құндылығын жоғалтқан жоқ. Қай туындысы болсын қорғансыз қалған ұлттық құндылықтарды жоқтай алды, ұлттық болмысыздың дағдарысын бейнелей алды. «Қаралы сұлу», «Жетім», «Қорғансыздың күні» әңгімелері желісі негізінде сахналанған «Қорғансыз» драмасы – қазақтың жаңа ғасыр алдындағы құбылмалы қалпын, жағдаяттар мен құрбандықтардың салмағын көрсетеді.

Үш шығармаға ортақ идея – қорғансыздық пен шарасыздық, ар-ұяттың, жауапкершіліктің салмағы. Қарагөз сұлу, Қасым, Ғазиза қорғансыз қалған жандар, олар әлсіз, нәзік бола тұра мойнына үлкен жауапкершілік арқалаған жандар. Қойылымда үш кейіпкердің зұлымдықпен күресі, іштей шайқасы, түрлі қорқыныштары ашылады. Үш шығармаға өзек болған ойлар жазушының жан сырымен айтылады.

 

Неге қоғамда мейірім мен түсіністік жетіспейді?

Неге әйел әйелге қарсы шығады?

Перзентхана – заманауи қоғамдағы әйел тағдырын шынайы әрі батыл бейнелейтін психологиялық драма. Перзентханада бір бөлмеде әртүрлі әлеуметтік ортадан келген төрт әйел өмір мен өлімнің, үміт пен қорқыныштың арасында қалады.

Олар үшін бұл жер – жаңа өмірдің бастау нүктесі ғана емес, қоғаммен және өз-өзімен күрес алаңы. Спектакль аналық болмыс, әйелге деген көзқарас және қоғамдағы әділетсіздік мәселелерін қозғайды.

Перзентхана қабырғасындағы диалогтар мен үнсіздіктер арқылы әйел жанының нәзіктігі, қоғамдағы қысым мен ішкі қарама-қайшылықтар айқын көрініс табады. Өмірдің ең нәзік сәттерінде де адам бойындағы жылылық пен аналық мейірім өшпейтінін еске салады.