Өтетін орны: Алматы қ., театр. Ғ. Мүсірепов, Абылай хан даңғылы, 38.
Күні: 27 наурыз, 2026
Уақыты: 19:30
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 80 жылдық мерейтойы аясында және Халықаралық театр күніне орай өтетін «Театр түні» – көрермендерді театрдың сахна сыртындағы шығармашылық өмірімен таныстыратын мәдени-танымдық кеш.
Бағдарлама барысында қонақтарға театр ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылып, спектакльге дайындық және репетиция процесі таныстырылады. Театрдың әртүрлі алаңдарында – кіші залда, фойеде, гримм бөлмелерінде және басқа да кеңістіктерде – актерлер көрермендерге арналған арнайы театрлық бағдарламаларды ұсынады. Көрермендер театрдың ішкі жұмыс жүйесін жақыннан көріп, шығармашылық атмосфераны сезінуге мүмкіндік алады.
Театрдың сізге беймәлім қырларымен таныс болғыңыз келсе, Театр түніне келіңіз!
Режиссері: Шағуан Үмбетқалиев

