Өтетін орны: Алматы қ., Пушкин к-сі, 63, Мемлекеттік қуыршақ театры

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

«Бақыт үлкен болмайды» жаңа премьерасы көрерменге жол тартпақ.Бұл қойылым көрерменге отбасылық құндылықтар мен адам бойындағы пендешілікті түсіндіретін,қоғамдағы әрбір адамның жүрегіне жол табатын туынды болатынын айтады. Бұл қойылымда бір шаңырақ астында өскен,бірақ бүгінде бір-біріне жат болып кеткен төрт перзент пен жалғыз ананың хикаясы суреттеледі.Біз бақытты сырттан іздейміз,бірақ ең жақын адамдарымыздың көзіндегі мұңды көрмейміз. Бұл спектакль-әрбір көрерменнің өз үйінің терезесінен сығалағандай күй кешетін қойылым.