Спектакль «Келіндер көтерілісі»

Өзбекстанның көрнекті жазушы-драматургі Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» пьесасы осыдан отыз жыл бұрын жазылса да, әлі күнге сахнадан түспей келе жатқан табысты шығармалардың бірі. Әлемнің 14 елінде аталған пьесаның желісімен мыңдаған спектакль қойылып, бірнеше көркемфильм түсірілгені белгілі.

Отбасында билігін жүргізіп дағдыланып қалған, жеті ұл, 41 немеренің анасы Фармон бибінің табалдырықтан кенже келін Нигора аттаған сәттен бастап тынышы кетеді. Ата-анасы бетінен қақпай өсірген шолжаң келін бұл шаңырақтың жазылмаған заңдылықтарына бағынғысы келмейді. Фармон бибінің жоқтығын пайдаланған Нигора абысындары мен қайынағаларын жұмылдырып, «генерал енені» сипаттайтын шағын қойылым дайындайды. Бас кейіпкерден өз бейнесін таныған ене қателігін түсініп, ұлдарының енші алып, бөлек шығуына рұқсат етеді. Пьесаның финалында «көтерілісті бастаған» Нигора дәстүр бойынша кенже келін ретінде қарашаңырақта қалады. Сөйтіп, тапқыр да алғыр Нигораның арқасында бұл отбасында шын мәніндегі түсіністік пен береке-бірлік орнайды.    

Пьесаға негіз болған оқиға ене мен келін арасындағы ғана емес, адамның бостандығы, таңдау еркі мен ескі тәртіптің арасындаіы конфликтіге негізделген. Қойылым  барысында  өнер сүйгіш өзбек  халқының  дәстүрлі биін қолдана отырып, әдемі әзілмен әспеттелген, дәстүрлі театр элементтерін пайдаланған спектакль – көрерменді күлдіре отырып, ойға батыратыны хақ.  «Келіндер көтерілісі» спектаклі  комедия  жанрында  өрбіп,  арнайы  қойылған  көркем  биімен,  әсем  әуенімен  сахналық  шығармашылық  туынды  ретінде  әсерлі. 

Авторы - Саид Ахмад
Аударған - Асқар Сүлейменов    
Қоюшы-режиссері және музыкамен көркемдеуші – Мұрат  Ахманов, ҚР-ның  еңбек  сіңірген  артисі
Қоюшы-суретшісі – Бақыт  Сраилов, Мәдениет  қайраткері
Киім үлгілерінің суретшісі – Әлия  Әбдікәрімова
Балетмейстер – Анар  Жүсіпова
Режиссердің ассистенті – Жақсыбек Құрманбеков,  Мәдениет қайраткері
Режиссердің  көмекшісі – Гүлфайруз  Смаилова

Информативность
(0 оценок)
Я рекомендую
Пока никто не рекомендует

Рецензия

Отзыв - это мнение или оценка людей, которые хотят передать опыт или впечатления другим пользователями нашего сайта с обязательной аргументацией оставленного отзыва.
 
Ваш отзыв поможет многим принять правильное решение

. Пожалуйста, используйте форму отзывов для оценок и рецензий, для вопросов и обсуждений - используйте форму комментариев, а не отзывов

Не допускается : использование ненормативной лексики, угроз или оскорблений; непосредственное сравнение с другими конкурирующими компаниями; безосновательные заявления, оскорбляющие деятельность компании и/или ее услуги; размещение ссылок на сторонние интернет-ресурсы; реклама и самореклама.

Введите email:
Ваш e-mail не будет показываться на сайте
или Авторизуйтесь , для написания отзыва
Информативность
0/12
Отзыв:

Загрузить фото:
Выбрать
Афиша
Показать
Теги
Показать
Ответственный за раздел
Владислав Литвинов
Если вы хотите рассказать о вечеринке, концерте или мастер-классе, которого нет в нашей афише, пишите письмо на почту afisha@inalmaty.kz.