Қорқыт – бүкіл түркі әлемінің бабасы.  Бұдан 20-30 жыл бұрын жазылған шығарма болғанымен, бүгінгі күнмен үндесетін, ондағы көкейкесті мәселелер, өмір мен өлім арасындағы, жалпы, адам баласының бұл дүниеге не үшін келетіні туралы ой толғайтын спектакль.

Пьеса проза емес, поэ­зия тілінде жазылыпты. Актерлер де тіліміздің поэтикалық бояуы мен мәтіннің ырғағын жоғалтпай жеткізе білген. Қойлымға жалпы саны 30 әртіс қатысты. Мұндағы діни наным-сенімдер адамзат санасының даму деңгейін көрсетеді. Ал Қорқыттың жанын алуға келген қызыл қанат әзірейілдің ролінде Шынар Жанысбекова ойнады.

Қорқыт тартқан қобыз күй,

Тылсым үні...

Тәтті ұйығына тартып барады.

Көремей-білмей құдіретіңе ынтызарым артып барады...