Қыркүйектің 17-і әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорттық кешені «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Алматы қаласының банк қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылады. 

Жарыс шағын-футбол, армрестлинг, жеңіл атлетика (эстафета 4х100), гір көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ және шахмат спорт түрлерінен әуесқойлар бақ сынайды. Жарыстың ресми ашылуы сағат 09:00-де басталады. 

Спартакиадаға тек банк қызметкерлерінен жасақаталған командалар қатыса алады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медальдармен марапатталады. 

Спартакиаданың басты мақсаты банк қызметкерлерінің дене шынықтыру деңгейін арттыру және үздік ұжымдарды анықтау болып табылады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. 

Өтетін орыны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорттық кешені (Әл-Фараби даңғылы,71) 
Басталуы: 09:00