29-ші қазан күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Алматының ҚазҰУ спорт кешенінде жоғары оқу орындарыңың оқытушылары арасында спартакиада өтеді, деп Апараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. 

Бұл жарыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша спорттың төрт түрінен ұйымдастырылады. Ұстаздар шағын футбол, тоғызқұмалақ, қол күресі, арқан тарту, шахмат және гір көтеру бой ынша өзара мықтыны анықтайды. Спорттық шара 09:00-де басталады. 

Регламентке сәйкес сайысқа қатысушы командалардың қатарында әйелдер және ерлер болуы тиіс. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медалдар, дипломдар және кубктарға ие болады. 

Бұл спартакиаданың басты мақсаты ЖОО оқытушыларының арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, үздік ұжымды анықтау және де салауатты өмір салтына бейімдеу болып табылады. 

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған.