Қазанның 29-ы күні «Медеу» мұз айдынында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтетін конькимен сырғанауды үйрету сабақтары басталады, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. 

Тәжірибелі жаттықтырушылар кез келген «Медеу» қонақтарын сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін аптаның әр жексенбі күні тегін үйретуге дайын. Сонымен қатар, коньки тебушілерге акцияны ұйымдастырушылар көптеген сыйлықтар ойнатылып, концерттік бағдарламалар өткізілетінін хабарлайды. 

Айта кетер жайт, билеттер мен конькиді жалға алу «Медеу» мұз айдынының прейскурантка сәйкес беріледі. Конькимен сырғанауды ақысыз түрде үйрету сабақтары желтоқасанның 24-і дейін жалғасып, келесі жылдың қаңтар айында қайта іске қосылады. 

Спорттық щараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады. Акция «Спорттык Алматы» бағдарламасына осы жылдың 25-ші ақпанында қосылған болатын. 

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.