2017 жылдың 27 қарашасында сағат 11: 00 де Ә. Қастеевтің музей-үйінде Ә. Қастеев мұрасын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Талантқа тұғыр болған туған жер» атты дөңгелек үстел өтеді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: ұлы суретшінің өмірі мен шығармашылығын тереңдей зерттеу, талант табиғатын кеңінен тану. Музей-үйдің қызметін одан әрі жақсарту үшін суретшінің туған жерімен, аудан, облыс басшылығымен байланыс орнату. 

Дөңгелек үстел қонақтары: жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бексұлтан Нұржекеев, жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Кәдірбек Сегізбаев, ақын, әдебиет зерттеушісі Қуанышбай Құрманғали, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, порфессор Байтұрсын Өмірбеков, ҚР Ұлттық кітап палатасының директоры, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асқар, С. Мұқанов және Ғ. Мүсірепов музей-үйлері кешенінің директоры, ақын, Алаш халықаралық сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков, жазушы, Балалар мен жасөспірімдер басылымдары "Жас өркен" ЖШС Бас директоры Жүсіпбек Қорғасбек, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Шалабаева, суретші қызы Гүлдария Қастеева және музей қызметкерлері қатысады.