Алаш автономиясына 100 жыл - дөңгелек үстел

Информативность
(0 оценок)

2017 жылдың 13 желтоқсанында, сағат 11-де Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алаш автономиясының 100 жылдығына арналған дөңгелек үстеліне шақырамыз

Аталған іс-шарада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш» қозғалысы: тарих және қазіргі заман атты библиографиялық көрсеткішті және "Адыран" ұлттық-этнографиялың бірлестігінің "Алаш Орда: ұлттық идея және дін мәселелері" атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы атты кітаптарының тұсаукесері өтеді. 
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы биылғы жылы «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш» қозғалысы: тарих және қазіргі заман атты библиографиялық көрсеткішті дайындап шығарды. Басылым 2005 жылы жарық көрген «Алаш» қозғалысы: тарих және қазіргі заман атты библиографиялық көрсеткішінің жалғасы болып табылады.
Көрсеткіште Алаш қозғалысы тарихына қатысты 1908 жылдан 2017 жылдың қыркүйек айына дейінгі әдебиеттер қамтылды. Ол қазақ және орыс тіліндегі екі бөлімнен тұрады. Әр бөлім өз алдына жеке нөмірленген. Бөлімдер тақырыптарға жіктеліп, әдебиеттер алфавит бойынша орналастырылған. Бөлімдердің тақырыптық тараулары да әр түрлі. Библиографиялық көрсеткіш тарихшыларға, ғылыми қызметкерлерге, мамандарға, студенттер мен жалпы оқырман қауымға арналған.
«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен биыл Алаш автономиясының 100 жылдығына орай кешенді жобаны жүзеге асырған болатын. «Алаш Орда»: ұлттық идея және дін мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Азат рухтың алдаспандары» атты ұлттық музыка кеші, «Алаш арыстары: ұлттық дәстүр және дін» атты деректі фильм әзірледі. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен өткен «Алаш Орда»: ұлттық идея және дін мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағының тұсаукесері өтпекші. 
Жинақтың алғашқы бөлімі «Алаш идеясының қалыптасуы мен мәні» деп аталса, екінші бөлім «Алаш қайраткерлерінің қызметі мен мұрасы» деп бөлінген. Алғашқы бөлімде Алаш арыстарына дейінгі ұлттық құндылықтар мен діни отарлау саясатының мәселелері туралы материалдар жарияланса, екінші бөлімде нақты алаштықтардың ұлтқа сіңірген еңбегі турасындағы материалдар жарық көрген. Жинақ жалпы көзі ашық қауымға арналады. 

Қатысушылар: ғалымдар, тарихшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, студенттер сонымен қатар БАҚ өкілдері мен оқырмандар.

Ұйымдастырушылар:
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
Халықаралық "Көшпенділер Атамұрасы" қоғамдық қоры
"Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Н. Дәулетова атындығы залы, 1 қабат
Өтетін уақыт: 13 желтоқсан, 2017 жылы сағат 11:00-де

Отзывы и комментарии

Написать отзыв
Написать комментарий

Отзыв - это мнение или оценка людей, которые хотят передать опыт или впечатления другим пользователями нашего сайта с обязательной аргументацией оставленного отзыва.
 
Основной принцип - «посетил - отпишись». 
Ваш отзыв поможет многим принять правильное решение

 Комментарии предназначены для общения и обсуждения , а также для выяснения интересующих вопросов

Не допускается: использование ненормативной лексики, угроз или оскорблений; непосредственное сравнение с другими конкурирующими компаниями; безосновательные заявления, оскорбляющие деятельность компании и/или ее услуги; размещение ссылок на сторонние интернет-ресурсы; реклама и самореклама.

Введите email:
Ваш e-mail не будет показываться на сайте
или Авторизуйтесь , для написания отзыва
Информативность
0/12
Отзыв:
Загрузить фото:
Выбрать
Афиша
Показать
Теги
Показать
Ответственный за раздел
Дуйсембаева Анастасия
Если вы хотите рассказать о вечеринке, концерте или мастер-классе, которого нет в нашей афише, пишите письмо на почту afisha@inalmaty.kz.
Skype: afisha@inalmaty.kz