Наурыздың 21-і мен 23-і аралығында «Достық» спорт кешенінде көркем гимнастикадан «Kerbez Cup» ашық чемпионатының жалауы желбірейді. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қытайдан келген 600-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтайды.
Сонымен қатар, наурыздың 24-і күні, сағат 09:30-да, Intercontinental Almaty қонақ үйінде көркем гимнастикадан өтетін ашық «Kerbez Cup» ашық чемпионаты аясында Олимпиада чемпионы Маргарита Мамун мен оның бапкері Амина Зарипованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.
Айта кетер жайт, наруыздың 24-і мен 25-і аралығында Маргарита Мамун мен Амина Зарипова жас спортшылар мен олардың бапкерлеріне шеберлік сабақ өткізіп, тәжірибиелерімен бөліседі. Сонымен қатар, олар «Kerbez Cup» ашық чемпионатының жабылу салтанатына қатысады.