Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған дәстүрлі Республикалық турнир өтеді 
 
Наурыздың 30-ы мен сәуірдің 1-і аралығында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында грек-рим күресінен 2001-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған дәстүрлі XIX Республикалық турнир өтеді деп, ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. 
 
Жарыстың басты мақсаты жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, осы спорт түрін дамыту, грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу болып табылады. 
Бұл жарыс «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында UWW ережесіне сәйкес 10 салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі: 45, 48, 51, 55, 60, 65, 71, 80, 92 және 110 кг. 
 
Басталуы: 30-31 наурыз 10:00, 1 сәуір 11:00 
Ашылу салтанаты: 30 наурыз 15:00