Маусымның 16-ы күні алып шаһарда 6-13 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында дуатлон жарысы өтеді.
 
Жарыс Тұңғыш президенті саябағында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында ұйымдатсырылады. Оған кез келген жеткіншек тегін қатыса алады. 
 
Тіркелу маусымның 14-іне дейін Sporttykalmaty.kz сайтында немесе duatlon2018@gmail.com электронды поштасы арқылы өткізіледі. 
 
Бәсеке төрт жас дәрежесі бойынша өткізіліп, сағат 09:00-де басталады. 
 
Оның басты мақсаты салауатты өмір салтын балалар мен жастар арасында насихаттап, үздік дуатлеттерді анықтау болып табылады. 
 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталады. 
 
Дуатлон – үш кезеңнен тұратын спорт түрі. Біріншісі жүгіру, екіншісі веложарыс, үшіншісі тағы да жүгіру. Қатысушылар жарыс күні арнайы бағыт картасымен таныса алады. 
 
16 июня пройдет открытый чемпионат по детскому дуатлону среди детей от 6 до 13 лет.
 
Чемпионат пройдет при поддержке «Спорттык Алматы» в парке первого президента. В чемпионате могут принять участие любой желающий.
 
Регистрация продлится до 14 июня. Зарегистрироваться можно на сайте по ссылке