2017 жылдың 22 қарашасы күні ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі Елбасының "Болашаққа баңдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында, "Алаш Орда" үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай "Алаш Орда: ұлттық идея және дін мәселелері" атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырады. 

Конференцияның мақсаты – Шоқан Уәлиханов, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев бастап Әлихан, Міржақып, Ахмет тәрізді Алаш қайраткерлерінің ұлттық идея және дін мәселелері жайындағы ой-толғамдарын ортаға салу, ғалымдардың қатысуымен талқылау. Алаштықтар ұлттық идея, ұлттық құндылықтар арқылы қазақты оятып, ұлттық мемлекет құру мәселесін қойды, әлемдік өркениетке кірігудің жолдары мен шарттарын қарастырды. Олар жастардың тарихы мен тамырын терең біліп, сапалы білім алып, кәсіп игеріп, бай-бақуатты болуын аңсады. Сол өзекті мәселелер арада бір ғасыр уақыт өтсе де сол қалпында маңызды болып қалып отыр. 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ:
- Алаш идеясының мәні және қалыптасу кезеңі; 
- Алашордалықтардың ұлттық идея және дін мәселесіндегі ұстанымдары; 
- Алаш идеяларының бүгінгі күнмен тарихи сабақтастығы. 

Конференцияға Хангелді Әбжанов, Талас Омарбеков, Светлана Смағұлова, Болатбек Нәсенов, Еркін Ермұханов және т.б. белгілі тарихшылар қатысады. 

Бас серіктесі: 
Халықаралық "Көшпенділер Атамұрасы" қоғамдық қоры

Серіктестер:
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
"Ел-Шежіре" қайырымдылық қоры
Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы
"Ұлы дала көшпенділері" мәдени-тарихи журналы

Өтетін орын: Алматы қаласы, ҚР Ұлттық кітапханасы, Абай даңғылы 14.
Өтетін уақыт: 22 қараша, 2017 жылы сағат 10:00.
Байланыс: +77022702102, +77072702102
Электронды мекен-жай: [email protected]