Өтетін орны: ТТИ Алатау

Премьера күні: 31 наурыз 2022

Режиссері: Жұлдызбек Жұманбай

Хореограф: Карина Джиренбаева 

Актерлар: Алатау би ансамбілі

Алатау этно-фольклорлық ансамбілі 

Ұзақтығы: 1 сағат 10 минут

Жас шектеуі: 7+

Қосымша: Тек жанды дауыста ансамбль сүйемелдеуімен

 

«Әсем әуен мен көркем қимыл»  атты сазды би кеші. Қазақ  халқының би өнері халықтың поэтикалық, фольклорлық, музыкалық шығармашылығымен тығыз байланысты. Сазды би кешінде ишарамен, ыммен (мимика) айту әдісі кең қолданылады. Хореографиялық қимылдың элементтері  ұлттық аспаптарымыздың сүйемелдеуімен ұштасып, заманауи жаңа формада ұсынылады. Мың бұралған Алатау бишілерінің  өнерін тамашалауға асығыңыздар!