Өтетін орыны: Алматы қ-сы, Пушкин көшесі 63, «Жаңа Ғасыр» театры

Авторы: Қапан Сатыбалдин

Сағат: 18:30

Жанры: фарс-комедиясы

Режиссері: Демеу Қасымбек

Балетмейстер: Тегісбаева Ляззат

Ұзақтығы:

Қосымша:   

 

 

Қапан Сатыбалдиннің төрт актілі, бес көріністі аңызға құрылған «Аягөз ару» пьесасының кейіпкерлері: Тәуекел – жас, ержүрек жігіт; Аягөз – әдемі қыз; Далабай – оның әкесі, кедей шал; Тетелес – Аягөздің бауыры, жас бала; Далбаса – хан; Сұмпайы – оның уәзірі; Шатшалекей – қарақшы хан; Зобалаң – Шатшалекейдің уәзірі; Топатай – Шатшалекейдің кенже тоқалы; Ұзынтұра – жасауыл; Асу – Тетелеспен бірге атқа шапқан бала; халық; Далбаса ханның жасауылдары; Шатшалекейдің қарақшылары.

Пьеса орман ішінен отын теріп жүрген Далабай шал мен оның бүлдірген терген кішкене баласы Тетелестің сөйлескен сөзімен басталады. Пьесада алтын-күміс аңсаған ашқарақ көңілдің шындығы да, халықтың қарапайым да адал өкілдерінің тазалықты тұғыр еткен асыл қасиеттері де аса бір көркем шендестірумен ашылған деуге болады.