• Главная
  • Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтінгінде Қазақстанның көрсеткішінің талаптарын жақсартудағы Әділет органдарының рөлі
16:53, 1 ноября 2020 г.

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтінгінде Қазақстанның көрсеткішінің талаптарын жақсартудағы Әділет органдарының рөлі

Дүниежүзілік банктің аналитиктер тобы жыл сайын әлемнің 190 елдерінде бизнесті жүргізу жағдайының қолайлылығын зерттеу жүргізеді. Талдау 10 көрсеткіш бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы 2019 жылы қазанда жарияланған "Doing Business-2020" есебінің қорытындысы бойынша әлемде 25-ші орынға ие болды, осылайша өз нәтижесін 3 тармаққа жақсартты.

«Doing Business» рейтингіндегі Қазақстан позициясын арттыру Үкіметтің әрекет етіп тұрған заңнаманы реформалау, рұқсат жүйесін жетілдіру, бизнес құру рәсімдерін жеңілдету, мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру және еліміздегі іскерлік ахуалды жақсарту жөніндегі жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстарының арқасында мүмкін болды.

Ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін объективті сыртқы бағалау әртүрлі рейтингтер болып табылады. Ең танымал рейтингтер “ Doing Business” (Бизнесті жүргізу).

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылдың 3 шілдесінде No262-VI өзгертулер мен толықтырулармен өзгертіліп, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркелуіне және басқа мәліметтеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарлама тәртібі аталған заңның 14-2 бабында қарастырылған.

Бұған дейін 2013 жылдан бастап заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тартібінде шағын кәсіпкерлік субьектілерін тіркеу туралы хабарлама тәртібіне түбегейлі өзгерістер болды. Қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерлік субьектісін заңды тұлға ретінде тіркеу үшін кәсіпкер тек тіркеу жарнасын төлеуге және тіркеу органына хабарлама <электрондық үкімет> веб-порталында жасалады.

Азаматтарға электронды форматта мемлекеттік қызметтерді құру және ұсыну маңызды рөл атқарады, бұл мемлекет пен халық пен ұйымдардың өзара әрекеттесу үдерісін тиімдірек ету болып табылады.Электрондық қызметтерді ұсынудың айқын артықшылығы мемлекттік қызметтерді көрсетудегі қағаз құжаттарының болмауы.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мәселелері қазіргі қоғамды дамытуда маңызды рөл атқарады және азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асырумен тығыз байланысты.

Әділет органдарының міндеттерінің бірі халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады,бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды аспектісін және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттыру болып табылады.

Алматы қаласы Әділет департаменттің тұрақты негізінде кәсіпорындармен дөңгелек үстелдер, семинарлар мен кездесулер өткізіп азаматтар мен заңды тұлғалардың барлық сұрақтарына жауаптар берілетін ашық күндерді өткізеді. Департемент жүргізетін жұмыс азаматтардың және кәсіпкерлік субьектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бизнесті едәуір дамыту үшін әділет органдары Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен стратегиялық жоспарларды жүзеге асырдымемілекеттің бәсекге қабілеттігін арттыру мәселелерін шешу үшін айрықша маңызды.

Алдағы кезеңге арналған стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру бәсекеге қабілеттілік рейтінгісіде біздің мемлекетіміздің беделін арттырудың тиімді әдісі болып табылады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления